- сентябрь 10, 2025
Жұмыстан босатылған қызметкерлерге өтемақы төлемі уақтылы жүзеге асырылмаса, жұмыс беруші қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін? Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі аясында талдау жүргізейік.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлерге жалақы мен басқа да төлемдерді толық әрі уақтылы төлеуге міндетті. Ал, 96-баптың 2-тармағы бойынша, еңбек шарты тоқтатылған кезде пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төленуі тиіс, бұл өтемақы орташа жалақы негізінде есептеледі.
Еңбек кодексінің 133-бабы 4-тармағына сәйкес, еңбек шарты тоқтатылғаннан кейін қызметкерге тиесілі барлық төлемдер 3 жұмыс күні ішінде төленуі тиіс. Егер бұл мерзім бұзылса, жұмыс беруші:
төлеуге міндетті.
Төлем мерзімін кешіктірген жағдайда, жұмыс беруші өсімпұл төлеуге міндетті. Өсімпұл мөлшері ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген көлемінде әр кешіктірілген күн үшін есептеледі.
Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 87-бабы 1-тармағына сәйкес, жалақыны толық көлемде және белгіленген мерзімде төлемегені үшін жұмыс берушіге айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері:
Жұмыс беруші өтемақы төлемін кешіктірген жағдайда, ол тек өсімпұл емес, айыппұл да төлейді. Сондықтан, заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес, өтемақыны уақтылы төлеу жұмыс берушінің мүддесінде болып табылады.