- сентябрь 19, 2025

Семинар-дәріс Қызылорда облыстық сотында өтті, мұнда ҚР ҰҚК ТҚО бөлімінің қызметкерлері "Террористік қауіп-қатерлер туындаған жағдайдағы іс-қимыл алгоритмі" тақырыбын талқылады. Оған сот қызметкерлері, денсаулық сақтау мамандары және ҚР Полиция департаментінің өкілдері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты — террористік қауіп-қатерлерге алғашқы ден қою әрекеттерін үйрету. Семинар барысында қатысушыларға практикалық жаттығулар мен бейнероликтер ұсынылды, бұл алғашқы көмек көрсету тәсілдерін жақсы меңгеруге мүмкіндік берді.
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары, төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Олар дұрыс әрі уақытылы көмек көрсетудің практикалық әдістерін көрсетті, қатысушылармен маңызды ақпараттармен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
ҰҚК ТҚО бөлімінің қызметкерлері терроризммен күрестің тек арнайы органдардың міндеті емес, қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті. Олар террористік қауіп туындаған жағдайда алғашқы іс-қимыл алгоритмін түсіндіріп, тәжірибелік түрде көрсетті.
Семинар соңында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, спикерлер оларға жауап берді. Бұл шара Қызылорда облысы бойынша ТҚК аппаратының қолдауымен ұйымдастырылды.



| Банк | Покупка | Продажа |
|---|---|---|
| 493.00 | 499.00 | |
| 490.90 | 497.90 | |
| 492.00 | 498.00 | |
| 492.00 | 498.00 | |
| 490.00 | 496.00 | |
| 494.00 | 500.00 | |
| 491.50 | 497.50 | |
| 490.80 | 497.80 | |
| 489.00 | 495.00 | |
| 492.00 | 499.00 | |
| 491.50 | 497.50 |
| Банк | Покупка | Продажа |
|---|---|---|
| 583.00 | 590.00 | |
| 580.35 | 589.85 | |
| 583.80 | 590.80 | |
| 583.00 | 591.00 | |
| 579.40 | 588.40 | |
| 586.10 | 592.10 | |
| 583.07 | 589.07 | |
| 582.50 | 589.50 | |
| 581.70 | 589.70 | |
| 584.50 | 591.50 | |
| 581.00 | 591.00 |
| Банк | Покупка | Продажа |
|---|---|---|
| 6.20 | 6.70 | |
| 6.22 | 6.72 | |
| 6.23 | 6.63 | |
| 6.25 | 6.55 | |
| 5.70 | 6.50 | |
| 5.97 | 6.47 | |
| -.-- | -.-- | |
| 6.36 | 6.56 | |
| 6.19 | 6.59 | |
| 6.15 | 6.65 | |
| 6.30 | 6.60 |