Сегодня, 17:10

Ставка налога: как снизить налогообложение в упрощенном режиме?

Оңайлатылған режимдегі салық салынатын табысты азайту кәсіпкерлерге тиімді салық үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл процесс 724-бапта нақты белгіленген тәртіппен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі оңайлатылған салық режимін қолданатын кәсіпкерлерге салықты заңды түрде үнемдеуге мүмкіндік беруде. Оңайлатылған режимде тіркелген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (ТОО) корпоративтік табыс салығын (КТС), ал жеке кәсіпкерлер (ЖК) жеке табыс салығын (ЖТС) есептегенде салық салу объектісін азайта алады.

724-баптың 1-тармағына сәйкес, оңайлатылған режимдегі салық төлеушілер КТС немесе ЖТС есептеу барысында салық салу объектісін жұмыс беруші ретінде өз жұмыскерлеріне төлеген жалақы сомасына азайтуға құқылы. Бұл мүмкіндік күнтізбелік жылдың басынан бастап жиынтық табысы 24 000 АЕК-тен асқан айдан бастап қолданылады.

2026 жылы 24 000 АЕК мөлшері 103 800 000 теңгеге тең. Яғни, егер кәсіпкердің жыл басынан бергі табысы 103 800 000 теңгеден асса, ол жалақы қорына (ФОТ) салық салу объектісін азайта алады.

Мысалы, оңайлатылған режимдегі ЖК қызметкерлеріне ай сайын 2 000 000 теңге жалақы төлейді. 2026 жылдың қаңтарынан мамырға дейінгі табыстары:

  • Қаңтар – 20 000 000 тг.
  • Ақпан – 20 000 000 тг.
  • Наурыз – 20 000 000 тг.
  • Сәуір – 25 000 000 тг.
  • Мамыр – 30 000 000 тг.

Барлық табыс: 115 000 000 теңге. Осылайша, 2026 жылдың мамыр айында кәсіпкердің табысы 24 000 АЕК-тен асты. Маусым айындағы табыс 30 000 000 теңгені құрайды. Бұл жағдайда, мамырдан желтоқсанға дейін ЖК салық салу объектісін ай сайын қызметкерлерге төлейтін жалақы сомасына, яғни 2 000 000 теңгеге азайта алады.

1-ші жартыжылдықта кәсіпкер мамыр және маусым айларында осы құқықты пайдаланады. Егер 724-баптағы құқық пайдаланылмаса, 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығы үшін ЖТС келесідей есептеледі:

20 000 000 + 20 000 000 + 20 000 000 + 25 000 000 + 30 000 000 + 30 000 000 = 145 000 000 теңге.

145 000 000 теңгенің 3% (Алматы қаласы бойынша оңайлатылған режимдегі ЖТС мөлшерлемесі) = 4 350 000 теңге. Ал егер салық салу объектісі азайтылса:

145 000 000 – 2 000 000 (мамыр) – 2 000 000 (маусым) = 141 000 000 теңге.

141 000 000 теңгенің 3% = 4 230 000 теңге. Нәтижесінде, ЖТС бойынша үнемдеу:

4 350 000 – 4 230 000 = 120 000 теңге.

Похожее

Банк Покупка Продажа
468.00 473.00
466.00 473.00
467.00 473.00
467.00 473.00
469.50 476.50
466.60 472.60
469.50 472.50
466.00 473.00
467.10 473.10
466.50 473.50
470.00 476.00
Банк Покупка Продажа
470.00 474.00
543.00 549.00
538.72 548.22
542.20 549.20
543.00 551.00
544.00 553.00
542.40 548.40
543.36 548.36
541.00 548.00
541.80 549.80
542.50 549.50
Банк Покупка Продажа
544.00 554.00
545.00 550.00
6.42 6.67
6.33 6.86
6.33 6.83
6.45 6.75
5.94 6.74
6.27 6.67
-.-- -.--
6.30 6.65
6.30 6.70