- сентябрь 19, 2025

№1 Мәртөк жалпы орта білім беретін мектебінде жоғары сынып оқушыларына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Бұл шара Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Оған 100 оқушы қатысты.
Кездесу барысында аудандық жастар ресурстық орталығының теологы Нұрберген Мирасұлы дін мен мемлекет арасындағы байланыс, зайырлылық, рухани құндылықтар мен мәдениет туралы дәріс оқыды. Сонымен қатар, елімізде тыйым салынған діни-экстремистік ұйымдар туралы ақпарат берілді.
Дәріс барысында әлеуметтік желілердегі діни сайттарды дұрыс таңдау жолдары мен жат ағымдардың ықпалынан сақтану тәсілдері түсіндірілді. Нұрберген Мирасұлы қауіпсіз интернет пайдаланудың ережелеріне ерекше назар аударды. Онлайн кеңістікте жеке мәліметтерді қорғаудың маңыздылығы да атап өтілді.
Кездесу кезінде күмәнді парақшалар мен топтарды анықтау, ақпараттың шынайылығын тексеру әдістері мен қауіп төнген жағдайда жүгінуге болатын мекемелер туралы нақты кеңестер ұсынылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті ақпарат алды.
Дәріс арнайы әзірленген слайдтар арқылы жүргізілді. Сонымен қатар, терроризм мен экстремизмнің алдын алуға арналған бейнематериалдар көрсетілді. Қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді.
| Банк | Покупка | Продажа |
|---|---|---|
| 467.00 | 473.00 | |
| 466.00 | 473.00 | |
| 467.00 | 471.80 | |
| 466.00 | 472.00 | |
| 467.00 | 473.00 | |
| 467.00 | 473.00 | |
| 466.50 | 472.50 | |
| 465.00 | 472.00 | |
| 469.70 | 475.70 | |
| 467.50 | 474.50 | |
| 467.00 | 473.00 |
| Банк | Покупка | Продажа |
|---|---|---|
| 467.50 | 472.50 | |
| 539.00 | 546.00 | |
| 535.52 | 545.02 | |
| 540.10 | 545.10 | |
| 538.00 | 546.00 | |
| 537.10 | 546.10 | |
| 539.60 | 545.60 | |
| 539.43 | 545.43 | |
| 537.30 | 544.30 | |
| 541.20 | 549.20 | |
| 539.50 | 546.50 |
| Банк | Покупка | Продажа |
|---|---|---|
| 538.80 | 548.80 | |
| 539.00 | 545.00 | |
| 5.85 | 6.05 | |
| 5.75 | 6.15 | |
| 5.88 | 6.15 | |
| 5.75 | 6.05 | |
| 5.17 | 5.97 | |
| 5.68 | 6.08 | |
| -.-- | -.-- | |
| 5.86 | 6.31 | |
| 5.70 | 6.10 |