- сентябрь 13, 2025

Астана қаласындағы "Келешек мектептері" желісі STEM, робототехника және жасанды интеллект бағыттарында білім берудің заманауи талаптарына сай жүйелі түрде даму үстінде. Мектептерде ашылған инновациялық робототехнология кабинеттері оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл кабинеттер оқушыларды қалааралық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетуге ынталандырады.
Заманауи форматта жабдықталған робототехника кабинеттері оқушыларға тек теориялық біліммен шектелмей, инженерлік жобалармен айналысуға мүмкіндік береді. Мұнда LEGO Spike Prime, LEGO EV3, Arduino және Raspberry Pi сынды платформалар, 3D-принтерлер, квадрокоптерлер мен дрондар бар. Бұл құралдар оқушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін, бағдарламалау дағдыларын және инженерлік білімін дамытуға ықпал етеді.
Соңғы екі жыл ішінде "Келешек мектептері" оқушылары робототехника, STEM және жасанды интеллект бағытындағы байқауларда белсенділік танытып, бірнеше мәрте жеңіске жетті. Оқушылар FIRST LEGO League, FIRST Tech Challenge, NASA Space Apps Challenge сынды халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Олардың жетістіктері қатарында алтын, күміс, және қола медальдар, сондай-ақ арнайы марапаттар бар.
Оқушылар Түркия, Италия және Дубайда өткен халықаралық жарыстарда да үздік нәтижелер көрсетті. Бұл жетістіктер "Келешек мектептері" оқушыларының робототехника кабинеттерінде алған білімдері мен тәжірибелерінің жоғары деңгейін көрсетеді. Мектептерде қалыптасқан инновациялық экожүйе болашақта бәсекеге қабілетті инженерлер мен IT-мамандарды тәрбиелеуге зор үлес қосып отыр.

| Банк | Покупка | Продажа |
|---|---|---|
| 507.00 | 513.00 | |
| 506.60 | 513.60 | |
| 507.50 | 513.50 | |
| 507.50 | 513.50 | |
| 506.50 | 512.50 | |
| 507.00 | 513.00 | |
| 507.50 | 513.50 | |
| 507.00 | 514.00 | |
| 508.00 | 514.50 | |
| 508.00 | 515.00 | |
| 507.50 | 513.50 |
| Банк | Покупка | Продажа |
|---|---|---|
| 591.00 | 599.00 | |
| 588.36 | 597.86 | |
| 591.60 | 598.60 | |
| 592.00 | 600.00 | |
| 588.90 | 597.90 | |
| 591.50 | 597.50 | |
| 590.59 | 596.59 | |
| 590.50 | 597.50 | |
| 590.00 | 599.00 | |
| 593.00 | 600.00 | |
| 589.00 | 599.00 |
| Банк | Покупка | Продажа |
|---|---|---|
| 6.30 | 6.80 | |
| 6.24 | 6.74 | |
| 6.30 | 6.70 | |
| 6.20 | 6.60 | |
| 5.78 | 6.58 | |
| 6.00 | 6.50 | |
| -.-- | -.-- | |
| 6.40 | 6.60 | |
| 6.22 | 6.82 | |
| 6.20 | 6.70 | |
| 6.35 | 6.65 |