- октябрь 19, 2025

Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен өтетін "Қазақстан Барысы – 2025" XIV республикалық турнирінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Бұл жарыс өңірдің намысын қорғау мақсатында ең мықты балуандардың басын қосып отыр. Турнирге еліміздің 17 облысынан, сондай-ақ республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 43 палуан қатысуда.
Балуандар жеребе рәсімінен өтіп, алған реттік нөмірлері бойынша бозкілемге шығып, күш сынасуда. Олардың арасында өткен жылғы "Қазақстан Барысы – 2024" чемпионы Ерасыл Қажыбаев пен "Әскер Барысы" турнирінің екі палуаны да бар. Ашылу салтанатында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Маратұлы Жарасбаев қатысушылар мен жанкүйерлерді жарыстың басталуымен құттықтады.
Турнирдің алғашқы белдесулері сағат 13:40-та басталды. Көрермендер бұл жарысты Qazsport телеарнасынан және "Кинопоиск" сайтынан тікелей эфирде тамашалай алады. "Қазақстан Барысы – 2025" атағын жеңіп алған балуан ұлттық спорттың айрықша нышандары – "Алтын белбеу" мен алтын "Тайтұяқтың" иегері атанады.
Жалпы жүлде қоры 27 миллион теңгені құрайды. Жүлделер мынадай түрде бөлінеді: 1-орын – 15 000 000 теңге, 2-орын – 3 300 000 теңге, 3-орын – 1 080 000 теңге. Сондай-ақ, әр жеңіске жеткен балуанға 100 000 теңге көлемінде сыйақы беріледі. Жүлде қорына бапкерлерге арналған сыйақылар да кіреді.
"Қазақстан Барысы – 2025" республикалық турнирінің бас серіктестері ретінде Спортты қолдау қоры Sport Qory және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры аталады. Жарыс дәстүрлі түрде ұлттық спорттың дамуына үлкен үлес қосуда.









| Банк | Покупка | Продажа |
|---|---|---|
| 442.50 | 445.50 | |
| 439.95 | 446.95 | |
| 441.00 | 447.00 | |
| 441.00 | 447.00 | |
| 440.50 | 447.50 | |
| 441.00 | 447.00 | |
| 440.00 | 446.00 | |
| 440.00 | 447.00 | |
| 440.50 | 446.30 | |
| 440.50 | 447.50 | |
| 440.75 | 447.75 |
| Банк | Покупка | Продажа |
|---|---|---|
| 440.40 | 445.40 | |
| 485.50 | 490.50 | |
| 482.49 | 490.49 | |
| 484.60 | 491.60 | |
| 485.00 | 493.00 | |
| 483.50 | 492.50 | |
| 484.80 | 490.80 | |
| 485.39 | 491.39 | |
| 483.20 | 490.20 | |
| 481.65 | 489.95 | |
| 485.00 | 492.00 |
| Банк | Покупка | Продажа |
|---|---|---|
| 483.50 | 493.50 | |
| 484.50 | 490.50 | |
| 4.53 | 5.44 | |
| 5.08 | 5.44 | |
| 4.52 | 5.54 | |
| 4.65 | 5.45 | |
| 4.64 | 5.44 | |
| 4.42 | 5.42 | |
| -.-- | -.-- | |
| 4.47 | 5.47 | |
| 3.96 | 5.27 |