- сентябрь 19, 2025

Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен 31 қазан күні Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде "Студенттік қалқан" атты бейнероликтер байқауы өтті. Бұл іс-шара діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған.
Байқаудың басты мақсаты – студент жастар арасында діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуын болдырмау, бейбітшілікті насихаттау және өзара түсіністікті арттыру. Студенттік топтар қоғамдағы толеранттылық құндылықтарын дәріптеуге арналған бейнероликтерін ұсынды.
Байқауда университеттің әртүрлі мамандықтары мен мектептерінен келген студенттер өз жұмыстарын көрсетіп, діни экстремизмнің теріс әсерін бейнеледі. Қорытынды бойынша жеңімпаздар келесі түрде анықталды: І орын – 204-топ, "Медицина мектебі" (70 000 теңге); ІІ орын – 105-топ, "Медико-профилактикалық іс" (50 000 теңге); ІІІ орын – 101-102-топ, "Стоматология мектебі" (30 000 теңге); Ынталандыру сыйлығы – 114-115-топ, "Стоматология мектебі".
Іс-шараның соңында жеңімпаз топтар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға шығармашылықтары мен белсенділіктері үшін алғыс хаттар тапсырылды.
Мұндай іс-шаралар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, рухани және патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді. Материал Ақтөбе облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды.






| Банк | Покупка | Продажа | Время |
|---|---|---|---|
| 517.00 | 522.00 | 12:15 |
|
| 514.05 | 521.05 | 12:15 |
|
| 516.00 | 520.30 | 12:15 |
|
| 516.00 | 522.00 | 12:15 |
|
| 516.00 | 522.00 | 12:15 |
|
| 515.00 | 521.00 | 12:15 |
|
| 516.00 | 520.00 | 12:15 |
|
| 513.60 | 520.60 | 12:15 |
|
| 516.00 | 522.00 | 12:15 |
|
| 515.00 | 522.00 | 12:15 |
|
| 516.00 | 522.00 | 12:15 |
| Банк | Покупка | Продажа | Время |
|---|---|---|---|
| 598.00 | 604.00 | 12:15 |
|
| 594.91 | 604.41 | 12:15 |
|
| 599.20 | 604.20 | 12:15 |
|
| 595.50 | 603.50 | 12:15 |
|
| 596.30 | 605.30 | 12:15 |
|
| 598.10 | 604.10 | 12:15 |
|
| 597.88 | 602.88 | 12:15 |
|
| 596.40 | 603.40 | 12:15 |
|
| 597.00 | 605.00 | 12:15 |
|
| 597.00 | 604.00 | 12:15 |
|
| 595.00 | 605.00 | 12:15 |
| Банк | Покупка | Продажа | Время |
|---|---|---|---|
| 6.30 | 6.80 | 12:15 |
|
| 6.35 | 6.85 | 12:15 |
|
| 6.51 | 6.66 | 12:15 |
|
| 6.30 | 6.70 | 12:15 |
|
| 5.85 | 6.65 | 12:15 |
|
| 6.12 | 6.62 | 12:15 |
|
| -.-- | -.-- | 12:15 |
|
| 6.45 | 6.65 | 12:15 |
|
| 6.40 | 6.80 | 12:15 |
|
| 6.35 | 6.85 | 12:15 |
|
| 6.40 | 6.70 | 12:15 |