- ноябрь 28, 2025
Алматыда журналистер мен мамандардың қатысуымен терроризмге қарсы ақпараттық кездесу өтті. Іс-шара Алматы қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризмге қарсы орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.
Кездесу барысында радикалды экстремизмнің алдын алу және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері кеңінен талқыланды. Журналистер мен сарапшылар ақпарат таратудың ресми дереккөздеріне сүйенудің маңыздылығын атап өтті.
Жиында Алматы қаласындағы терроризмге қарсы комиссияның атқарған жұмыстары мен профилактикалық іс-шаралары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, еліміздің басқа өңірлеріндегі журналистер дайындаған материалдарға шолу жасалып, оң тәжірибелерді қолдану жолдары талқыланды.
Кездесу барысында журналистер өзекті сауалдарын қойып, ақпараттық өзара іс-қимылды жетілдірудің жолдары жөнінде пікір алмасты. Нәтижесінде БАҚ өкілдері терроризмге қарсы профилактикалық іс-шараларды насихаттауға белсенді қатысуға дайын екендіктерін мәлімдеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер ақпараттық қауіпсіздікті арттыруға және экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Материал Алматы қаласы бойынша терроризмге қарсы комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды.
| Банк | Покупка | Продажа |
|---|---|---|
| 467.00 | 473.00 | |
| 466.00 | 473.00 | |
| 467.00 | 471.80 | |
| 466.00 | 472.00 | |
| 467.00 | 473.00 | |
| 467.00 | 473.00 | |
| 466.50 | 472.50 | |
| 465.00 | 472.00 | |
| 469.70 | 475.70 | |
| 467.50 | 474.50 | |
| 467.00 | 473.00 |
| Банк | Покупка | Продажа |
|---|---|---|
| 467.50 | 472.50 | |
| 539.00 | 546.00 | |
| 535.52 | 545.02 | |
| 540.10 | 545.10 | |
| 538.00 | 546.00 | |
| 537.10 | 546.10 | |
| 539.60 | 545.60 | |
| 539.43 | 545.43 | |
| 537.30 | 544.30 | |
| 541.20 | 549.20 | |
| 539.50 | 546.50 |
| Банк | Покупка | Продажа |
|---|---|---|
| 538.80 | 548.80 | |
| 539.00 | 545.00 | |
| 5.85 | 6.05 | |
| 5.75 | 6.15 | |
| 5.88 | 6.15 | |
| 5.75 | 6.05 | |
| 5.17 | 5.97 | |
| 5.68 | 6.08 | |
| -.-- | -.-- | |
| 5.86 | 6.31 | |
| 5.70 | 6.10 |