BiznesCentr.kz » Новости » Қазақстандықтарды "қара тізімнен" шығару жолы айтылды

Қазақстандықтарды "қара тізімнен" шығару жолы айтылды

Қазақстандықтарды "қара тізімнен" шығару жолы айтылды
Новости
21:28, 08 май 2021
365

Маман 1,5 миллион қазақстандықты "қара тізімнен" шығару не үшін керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Парламенті Сенатының отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі Нұрлан Алмасұлы несие тарихын бұрынғыдай 10 жыл емес 5 жыл сақтап, азаматтарды "қара тізімнен" шығарудан қандай нәтиже күтетінін айтты. Оның айтуынша, ведомство мамандарының бірнеше болжамы бар. 

"Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі экономикалық анализ жүргізді, қазіргі таңда елімізде екі кредиттік бюро бар және оларда шамамен 6,7 миллион қарызалушы туралы мәлімет жинақталған. Олар әлі де қарызы барлар мен жабылған және төлеу уақыты өтіп кеткен кредиттер. Олардың арасында 1,5 миллион адам кредиттерін жапқан, бірақ несие тарихтары жақсы емес, олар қарыз төлеу уақыттарын 90 күннен асырған. Осыған байланысты, банктер, микронесие ұйымдары оларға несие беруден бас тартқан", - деді ол.

Нұрлан Алмасұлының айтуына қарағанда, несие тарихы нашар азаматтарды "қара тізімнен" шығарып, елдегі кредиттеу жүйесін ынталандыруға болады.

"1,5 миллион адамның арасында 489 мыңнан аса адам бес жылдан аса уақыт бұрын қарызын толық төлеген. "Қара тізімді" сақтау мерзімін 10 жылдан 5 жылға қысқартудың экономикалық және әлеуметтік ықпалы болады. Сонымен қатар, құқықтық анализ жасалды. Азаматтық кодекске сәйкес, "қара тізімді" сақтау мерзімі 5 жылдан аспайды. Сондықтан, мерзімді қысқарту заңдық нормалар арасындағы үйлесімді шешім болады. Біздің болжамымыз бойынша, өзгертулер мультипликатив және оң әсерін береді. Егер несие тарихтары жақсаратын болса қатарында 50 мың жеке кәсіпкері бар 500 мың азамат банктерден несие ала алады. Екіншіден, біздің болжамға сәйкес, өзгертулер кредиттеу санын өсіруді ынталандыра алады", - деді ведомство өкілі.

"Бұл - екінші мүмкіндік". 1,5 миллион қазақстандық "қара тізімнен" шықты

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 1 жарым миллионға жуық адамның несие тарихы автомат түрде "оңалтылғаны" хабарланған болатын.

Сонымен қатар, бүгін Сенат депутаттары екі оқылымда банк, микроқаржы және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады. Бұл қабылданған түзетулерге сәйкес, енді несие тарихы 10 жыл емес, 5 жыл сақталады.