BiznesCentr.kz » Новости » Енді коллекторлар видео және аудиоға жазуға міндетті. Сенатта заң қабылданды

Енді коллекторлар видео және аудиоға жазуға міндетті. Сенатта заң қабылданды

Енді коллекторлар видео және аудиоға жазуға міндетті. Сенатта заң қабылданды
Новости
21:26, 08 май 2021
398

Сенат банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша түзетулерді екі оқылымда қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Енді заң бойынша коллекторлық агенттіктер борышкермен өтетін кез келген процесті видео және аудиоға жазуға міндетті. Депутаттардың пікірінше, бұл норма коллекторлар тарапынан болатын дөрекі қарым-қатынас пен заңсыз әрекеттердің алдын алады. 

Одан бөлек, енді борышкермен коллекторлық агенттікте тіркелмеген телефон номерлерімен байланыс жасауға тыйым салынады

"Несие тарихы мінсіз болса да көмектеспейді". Кредит берілмейтін жағдайлар

Тағы бір жаңа өзгеріс - несие тарихын 10 жылдан бес жылға дейін қысқарту.  

"Банк соңғы 10 жылда қарызды төлеу бойынша мерзімін өткізіп жібергендерге несие бермейді. Несие тарихын 10 жылдан бес жылға қысқарту 490 мың азаматқа қажет болған жағдайда банктер мен микроқаржылық ұйымдарда несие алуға мүмкіндік береді", - дейді сенатор Ольга Перепечина. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшысының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов Қазақстанда екі кредиттік бюро барын айтады. Оларда қолданыстағы, өтелген және мерзімі өткен кредиттерді қоса алғанда, шамамен 6,7 миллион қарыз алушы туралы ақпарат бар.

"Олардың бір жарым миллионы несиесін төлеп тастаған, бірақ 90 күннен аса уақытқа мерзімі өткізіп барып төлегендіктен олардың несие тарихы нашар. Мұндай жағдайда банктер мен микроқаржы ұйымдары оларға несие беруден бас тартады", - дейді Әбдірахманов.  

Сонымен қатар, Заңдағы түзетуде микроқаржы ұйымдарын несиенің толық бағасы туралы ақпаратты келісімнің бірінші бетінде көрсету, банктерге және микроқаржы ұйымдарына мерзімі өткен капиталдандырылған сыйақыға сыйақы есептеуге тыйым салу көзделген. 

"Қара тізімнен" шығып, несие тарихын жақсарту жолдары - Маман кеңестері